Ыстамбұл шаһары Осман империясы дәуіріндегі бейнесіне оралатын болады

АСТАНА. 21 сәуір. ҚазАқпарат - Жаңа мемлекеттік жобаға сәйкес Ыстамбұлдағы Осман дәуіріне тән көптеген жәдігерлер мен тарихи нысандар сол дәуірдің сәулетіне келістіріле қайта жөндеуден өткізетін болды.
None
None

Бұл жайында muslim.kz сайты хабарлайды.

«Шаһар басшылығы қаланың тарихи Һәм мәдени бейнесін қалпына келтіру жөніндегі жобаны бекітті. Осы жобаның аясында Сүлеймен, Фатих, Сұлтанахмет, Уәлид Сұлтан мешіттері мен Ұлы Базар және осы секілді т.б. тарихи нысандар жаңғыртылып, кейбіреуі қайта ашылмақ. Осман дәуіріне тиесілі ғибадат ғимараттарынан бөлек мұнаралар мен күмбездер, ескерткіштер, субұрқақтар секілді өзге де тарихи маңызы бар жерлер қалпына келтіріледі» деп жазады Әзірет Сұлтан мешітінің ресми сайты.

Алдын ала алынған мәліметке қарағанда, аталмыш жоба үшін 800 мың доллар мөлшерінде қаражат жұмсалады. Қаржының көп бөлігі мемлекет қазынасынан бөлінеді. Сонымен қатар, Ыстамбұл әкімдігі де материалдық жағынан қолдау білдірмек. Түркия қорлары бас басқармасының ықпалымен жекеше фирмалар да жобаға атсалысады.

Соңғы жаңалықтар