Ыстамбұлда «Airbusа A320» ұшағының бұзылуы салдарынан жолаушылардың Атырауға жетуі қиындап отыр

АТЫРАУ. 26 қыркүйек. ҚазАқпарта - Кеше, 25 қыркүйек күні «Эйр Астана» компаниясының Атырауға ұшып шыққан «Airbusа A320» ұшағы Ыстамбұл әуежайына қону кезінде артқы жағымен қону-ұшу жолағына тиіп, зақымданған.

Ыстамбұлда «Airbusа A320» ұшағының бұзылуы салдарынан жолаушылардың Атырауға жетуі қиындап отыр

 Ішінде 130-дан астам адам отырған ұшақ жолаушыларының хабарлауынша, ешкім зардап шеккен жоқ. Бірақ ұшақ бүлінді. Соның салдарынан Ыстамбұл әуежайында Атырауға қайтпақшы болған жолаушылардың рейсі болмады. Адамдарға хабарлағандай, үйге енді Алматы арқылы өтетін басқа рейстермен жетуге тура келеді.

 Аэробустың нақты қай жері сынып, оны жөндеу үшін қанша уақыт кететіні, сондай-ақ Ыстамбұлда қалып қойған жолаушылар саны туралы ресми ақпаратты «Эйр Астана» компаниясы таратпай отыр.