Ыстамбұлда әлемдегі ең үлкен әуежай салынады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ыстамбұлда әлемдегі ең үлкен әуежай салынады. Оның ашылуы 2018 жылдың бірінші тоқсанына жоспарланған, деп хабарлайды 24.kz телеарнасы.

Ыстамбұлда әлемдегі ең үлкен әуежай салынады

Әуежай қаланың еуропалық бөлігінде, Қара теңізге жақын маңда орналасады, деп жазады RT.

Ал жыл сайын 200 млн жолаушыны қабылдауға қауқары бар. Онда алты тәуелсіз ұшып-қону жолағы болады.

Мамандардың айтуынша, бұл әуежай қала ішіндегі қала іспеттес салынады. Яғни бизнес орталықтар, мектептер мен тұрғын үйлер, өзге де қажетті инфрақұрылымның барлығы болады.