Ыстамбұлда автобус аялдамасы маңындағы жарылыстан 11 адам мерт болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ыстамбұл орталығында Баязит кварталындағы туристерге арналған аялдама маңында жарылыс болды, деп хабарлады «ВВС» агенттігі.

Куәлердің айтуынша, жарылыс таңертеңгі халық көп жүретін кезде аялдама жанынан полиция автобусы өтіп бара жатқан кезде орын алған. Жарылысқа жауапты лаңкестік топ әзірге жарияланған жоқ.

«ТАСС» агенттігінің хабарлауынша, жарылыстан 11 адам қаза тапты, оның жетуі полиция қызметкері. 36 адам жараланды.

Бұл туралы журналистерге оқиға орнына келіп жеткен қала басшысы Васип Шахин мәлімдеген.

Соңғы жаңалықтар
telegram