Ыстамбұлда аяз: Кезектен тыс бір күн демалыс жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Түркияның Ыстамбұл қаласында үскірік аяздан балабақша мен мектеп оқушылары кезектен тыс бір күндік демалысқа шығарылды.

Ыстамбұлда аяз: Кезектен тыс бір күн демалыс жарияланды

Ауа райын болжау орталығы түс қайта қар борап, күшті жел тұруы ықтимал, кей жерлерде көктайғақ болады, деп ескертті. Осыған орай қалалық әкімшілік мемлекеттік мекемелерде жұмыс істейтін мүгедектер мен аяғы ауыр әйелдерге де демалыс жариялады, деп хабарлайды 24.kz.