Ыстамбұлда Босфор түбі арқылы Азия мен Еуропаны байланыстыратын туннель ашылды
АСТАНА. 30 қазан. ҚазАқпарат - Ыстамбұлда ресми түрде Босфор бұғазының төменгі жағынан Азия мен Еуропаны байланыстыратын бірінші темір жол туннелі ашылды, деп хабарлады Reuters. Туннель Түркия Республикасы негізінің қалануына 90 жыл толуына орай ашылып отыр. Пойыздың бірінші жолаушысы премьер Реджеп Эрдоған болды.
Оның ұзындығы 13,6 шақырым, тереңдігі - 56 метр.
Үкіметтің жоспары бойынша жолды күніне 1,5 млн. адам пайдаланатын болады.
Туннельдің құрылысын 2004 жылдан бері жапон-түрік бірлестігі жүргізді.
Осындай туннель салу керектігі жөніндегі ойды 19-ғасырда Осман империясының сұлтаны Абдул-Меджид айтқан болатын.