Ыстамбұлда Дүниежүзілік гуманитарлық саммит өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - 23-24 мамыр күндері Ыстамбұлда Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен «Біртұтас адамзат - жалпы жауапкершілік» тақырыбымен Дүниежүзілік гуманитарлық саммит болып өтті, деп хабарлады Қазақстанның Түркиядағы Елшілігінің баспасөз қызметінен.
None
None

Алғаш рет ұйымдастырылған шарада 60-қа жуық мемлекет басшысы, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар, гуманитарлық құрылымдардың өкілдері, бизнесмендер, дағдарысқа ұшыраған халық өкілдері қатысты.

Саммитке ГФР канцлері А.Меркель, Әзербайжан президенті И.Әлиев, Украина президенті П.Порошенко, Қырғызстан президенті А.Атамбаев, Грузия президенті Г.Маргвелашвили, Болгария премьер -министрі Б.Борисов, Грекия премьер-министрі А.Ципрас, Нидерланды премьер-министрі М.Рютте, Финляндия премьер-министрі Ю.Сипиля, Ливан премьер-министрі Таммам Салам, Кувейт әмірі Сабах әл-Ахмед ас-Сабах, сондай-ақ бірқатар африкалық мемлекеттердің көшбасшылары қатысты.

БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун саммиттің жұмысын қазіргі кезде босқындардың саны Екінші Дүниежүзілік соғыс көрсеткіштеріне жеткені туралы сөздермен ашты.

Қазақстандық тараптың атынан сыртқы істер министрінің орынбасары Мұхтар Тілеуберді қатысты.

Соңғы жаңалықтар