Ыстамбұлда грек-рим күресінен халықаралық турнир өтеді

АЛМАТЫ. 29 қаңтар. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Түркияның Ыстамбұл қаласында 29-30 қаңтарда грек-рим күресінен «Вехби Эмре» халықаралық турнирі өтеді.

Ыстамбұлда грек-рим күресінен халықаралық турнир өтеді

Күрес федерациялары қауымдастығының интернет сайтындағы ақпаратқа қарағанда, онда ел құрамасына бапкерлерден Әбдірахман Арқарбеков пен Серік Қалдығұлов жетекшілік жасайды. Бұл дүбірлі додада Қазақстан намысын 14 балуан қорғамақ. Құрама сапында - Алмат Ауешев, Асылжан Байзақов, Айсұлтан Байзақов, Бекжан Мырзалиев (55 кг), Нұрбек Беркімбаев, Нұрдаулет Елмұратов, Ербол Қалабаев (60 кг), Бейбіт Нұғыманов, Нұрбек Қандыбаев (66 кг ), Мақсат Ережепов, Нұржан Надыров (74 кг), - Шыңғыс Сыздықов (84 кг), Ника Твалабейшвили (96 кг),

Есенкелді Жалғаспаев (120 кг) бар.