Ыстамбұлда ислами жазуы бар сүйек табылды

АСТАНА. 9 ақпан. ҚазАқпарат - Ыстамбұлдың Йеникалы деп аталатын тарихи ауданынан қазып алынған көне заттардың арасынан ислами жазуы бар сүйек табылды. Сүйек неолиттік және византилік кезеңге жататын, біздің дәуірімізге дейінгі VІІІ ғасырға тиесілі жәдігер болып шықты. Қазба жұмысына ыстамбұлдық сәулет мұражайы ұйытқы болды. Бұл жайында Haberturk басылымы хабар таратты. Сарапшылар бұл сүйекті Ыстамбұлдан табылған көненің көзі деп отыр.

Ыстамбұлда ислами жазуы бар сүйек табылды

Сонымен қатар, жалпақ тақтайша да табылған болатын. Оны кезінде адамдар жазу жазғанда пайдаланған. Мәтін қара сиямен жазылған. Сүйектегі жазудың кей тұсы өшіп қалғандықтан оқу мүмкін емес.

muslim.kz сайтының жазуынша, сүйектің археологиялық қабаты VII - VIII ғасырларға барып тіреледі. Тарихшылар мен археологтар қазба жұмыстарын тоқтатпайтынын, барлық аймақ мұқият тексеруден өтетінін мәлімдеді.