Ыстамбұлда қалың жауған қардың салдарынан 168 әуе рейсі тоқтап қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ыстамбұлда қыс қаһарына мінді. Қалың жауған қардың кесірінен 168 әуе рейсі тоқтап қалды, деп жазады 24.kz.

Ыстамбұлда қалың жауған қардың салдарынан 168 әуе рейсі тоқтап қалды

Ұшу-қону алабында Turkish Airlines компаниясының лайнері тайғанақтап, апатты жағдай туындады. Абырой болғанда, оқиға орнына құтқарушылар дереу жетіп, жолаушыларды қауіпсіз жерге көшірді. Қаладағы көліктер қар құрсауында қалып қойып, бірнеше шақырымға созылған кептелістерден шыға алмай әлек. Қолда бар мәліметтерге сай, бір күнде 800-ден астам жол апаты болды. Әзірге олардан зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Табиғаттың тосын мінезінен Ыстамбұлмен қоса оған іргелес жатқан бірқатар аймақта мектептер жабық.