Ыстамбұлда Қазақстанның заманауи суретшілерінің туындылары көпшілік назарына ұсынылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ыстамбұлдың нышаны - Таксим алаңында орналасқан «Максем - Республикалық көркемөнер галереясының» тарихи ғимаратында Қазақстанның Түркиядағы елшілігі мен «Has Sanat» өнер галереясының ұйымдастыруымен қазақстандық үздік суретшілердің «Заманауи қазақ өнері» атты көрмесінің салтанатты ашылуы өтті.
Көрменің ашылу салтанатына Төтенше және Өкілетті Елші Жансейіт Түймебаев, Ыстамбұл провинциясы губернаторының орынбасары Ысмайыл Гүлтекин, Ыстамбұл қаласы мэриясының Халықаралық департаментінің басшысы Селәметтин Эрмиш, қалалық әкімшілік Мәдениет департаментінің басшысы Абдрахман Шен, сондай-ақ, түрік іскерлер, академикалық және қоғамдык топ өкілдері, атақты мәдениет қайраткерлері, Ыстамбұлда білім алып жатқан қазақ жастары мен шетелдік студенттер, қазақ диаспора және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.
Сурет өнерін қадірлеушілерінің назарына әртүрлі жанрлар мен бағыттарда орындалған заманауи қазақстандық суретшілерінің жұмыстары ұсынылды.
Ыстамбұл губернаторының орынбасары И.Гүлтекин екі елді жақындастыратын Қазақстан мен Түркия арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстырының дамуының маңыздылығын атады.
«Қазақстандағы заманауи өнерінің даму қарқынына қарайтын болсақ, Қазақстанның өз Тәуелсіздігінің 25-жылдық мерейтойында көптеген салалар бойынша жетістіктерге қолжеткізе алғандығын көре аламыз», - деді И.Гүлтекин.
«Has Sanat» өнер галереясының директоры Жанат Еңсебаева көрменің 2006 жылы Мәскеуде бастау алған халықаралық «Алтын ғасыр» жобасының жалғасы екендігін айтты. Содан бері қазақстандық суретшілерінің суреттері көптеген елдер мен қалаларда көрмеге шығарылды: Варшава, Вроцлав, Берлин, Штутгард, Мюнхен, Франкфурт, Амстердам, Гаага, Вена, Брюссель, Анкара. Көрмелердің мақсаты - шетел мемлекеттерінің тұрғындарын Қазақстанның өнері мен мәдениетімен таныстыру болып табылады. Бүгінге дейін галерея 150-ден астам ірі көрме ұйымдастырды.