Ыстамбұлда лаңкестік орын алды; жарылған үйдің астында адамдардың қалуы мүмкін

АСТАНА. 11 қыркүйек. ҚазАқпарат - Ыстамбұлдың полиция учаскесі ғимаратының алдында болған лаңкестіктің салдарынан кем дегенде бір тәртіп сақшысы қаза тауып, 7 адам жарақаттанды, олардың ішінде 4 қарулы күштердің қызметкері және 3 азамат бар.

Ыстамбұлда лаңкестік орын алды; жарылған үйдің астында адамдардың қалуы мүмкін

Бұл туралы Reuters-ке сілтеме жасай отырып РБК хабарлады.

Ыстамбұлдың полиция шефі Хусейн Капкин журналистерге мәлім еткендей, лаңкесті жасаған жанкешті бастапқыда гранатаны лақтырып жіберіп, кейін өзін полиция бөлімшесінің алдында жарып жіберген.

Соның салдарынан учаскенің алдында күзеттегі полиция қызметкері жазым болды, бірнеше адам жарақаттанды.

Х.Капкиннің сөзіне қарағанда, жанкешті-лаңкес небәрі 25-те болған. Ыстамбұлдың полиция шефі жанкештінің жеке тұлғасына қатысты қандай да бір мәліметтерді айтудан бас тартты.

Түріктің телеарналары хабарлағандай, жарылыстың салдарынан полиция учаскесінің шатыры опырылып құлап түсті. Үйінділердің астында адамдар болуы мүмкін.

Лаңкестік фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, тексеру амалдары жүргізілуде. Әзірге ешқандай лаңкестік топ бұл шабуылды өз мойнына алған жоқ.