Ыстамбұлда Пикассоның картинасын сатпақ болған контрабандашылар ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Контрабандамен күрес жөніндегі түрік басқармасының қызметкерлері Ыстамбұлда Пабло Пикассоның полотносын сатпақ болған халықаралық қылмыстық топтың мүшелерін ұстады, деп хабарлады «Петербургский дневник» басылымы Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.
1940 жылы жазылған «Шашын тарап тұрған жалаңаш әйел» картинасы Нью-Йорктегі коллекционердің үйінен ұрланған болатын.
Полиция қызметкерлері сатып алушылар болып контрабандашылармен байланысқа кірді. Қаскөйлер әуелі 8 млн. доллар сұрап, кейінірек 1 млн. доллар жеңілдік жасауға келісті және дәмханалардың бірінде кездесу белгіледі, олар ақшаны беру үстінде қолға түсті.
Қазіргі кезде тергеу жүріп жатыр, сот алдындағы тексеру амалдары басталды.
Пикассо әлемдегі ең қымбат суретшілердің бірі, оның шығармалары контрабандашылар арасында да зор қызығушылық тудыруда.