Ыстамбұлда Ресейге қарсы шеру өтті

АСТАНА. 4 желтоқсан. ҚазАқпарат - Түркия мен Ресей энергетика және аймақтық қауіпсіздік мәселелерінде көптен бері серіктес. Алайда, Сириядағы жанжал екі мемлекеттің ортасына жік салып отыр.  
None
None

Ыстамбұлда өткен кездесудің нәтижесі осыған саяды. Кремль басшысы Владимир Путиннің мәлімдеуінше, екі жақ Араб Республикасындағы қақтығысты тоқтату мәселесі бойынша ортақ мәмілеге келе алмаған. Ал, Түрік Үкіметінің басшысы Тайып Ердоғанның айтуынша, Ресей Араб Республикасындағы қақтығысты тоқтатуда негізгі рөл ойнайды. Алайда, Мәскеу Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесінде ресми Дамаскіге қарсы бағытталған 3 қарарға тосқауыл қойды.

Қарапайым тұрғындар болса, Ыстамбұлдағы Ресей Консулдығының алдына жиналып, аймақтағы Кремль саясатына қарсылық білдірді. Акцияға жүздеген адам қатысқан. Олардың ойынша, Ресей жариялап отырған ветолардың кесірінен Сириядағы революция қысымға ұшырап отыр.


«Осында жинала отырып, Путин мырзаны сириялық режимнің үлкен сыбайласы дегіміз келеді. Ол өзінің саясатымен Сириядағы қарарды басып, жаныштап отыр», - деп атап өтті Ыстамбұл тұрғыны.

Ақпарат көзі: kaztrk.kz 

Соңғы жаңалықтар