07:56, 27 Шілде 2015 | GMT +5
Ыстамбұлда тәртіпсіздіктер кезінде полицей қаза ұшырады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ыстамбұлдың орталғындағы үшінші күн бойы жалғасып жатқан толқулар барысында полицей қазаға ұшырады.
Түрік полициясының офицері Мұхаммет Фатих Сивири толқуға қатысушыларды тұтқындамақ болған кезде, кеудесінен жарақат алып, көз жұмды, деп хабарлады Би-би-си.
Тәртіпсіздіктер жұма күні полицейлік рейд кезінде саяси топ қатысушыларының бірі мерт болғаннан кейін басталды.
Түркиядағы полицейлік рейдтердің мақсаты «Ислам мемлекеті» топтарын жақтаушылар болды, дегенмен полицейлер солшыл радикалдарды да тұтқынға алды.
Полицейлік операциялар сириялық шекара маңындағы түріктің Суруч қаласындағы жарылыстан кейін іле-шала жүргізілді, бұл қайғылы оқиға 32 адамның өмірін қиып кеткен болатын. Жарылысты ұйымдастыруға «Ислам мемлекетінің» содырлары айыпталуда.