Ыстамбұлда төрт бомба жарылды
АСТАНА. 10 желтоқсан. ҚазАқпарат - Ыстамбұлда бір мезгілде төрт бомба жарылды. Бұл туралы «Маяк» радиосы хабарлады.
Лаңкестік оқиғалар қаланың еуропалық бөлігінде болған. Қолдан жасалған бомбалардың жарылысының салдарынан ешкім зардап шекпеген. Жақын маңдағы бірнеше ғимараттың терезе шынылары ғана күл-талқан болған.
Оқиғаның мән-жайы туралы басқа ақпарат жоқ. Бомба жарылысы үшін жауапкершілікті әзірге ешқандай ұйым мойнына алмаған.