Ыстамбұлда туристер үшін мұсылмандық дресс-код енгізілмек

АСТАНА. 22 тамыз. ҚазАқпарат - Түркия дін істері басқармасы жаңа жоба дайындауда, оған сай Ыстамбұлдағы Сұлтанахмет мешітіне келген туристер енді арнайы мұсылман киімін киіп кірулері керек болады.

Ыстамбұлда туристер үшін мұсылмандық дресс-код енгізілмек

Жобаға сәйкес, жыл сайын 4-5 млн. адам келіп-кететін мешітті көруге келген туристер енді оның ішіне кіру үшін арнайы мұсылман үлгісіндегі киімді киюге міндеттелетін болады. Мешіт алдында сондай туристерге «мұсылман киімін» сататын автоматтар орнатылмақ, деп хабарлайды Росбалт Euromag-қа сілтеме жасап.

Ыстамбұл мүфтиінің орынбасары Сабри Демирдің айтуынша, туристерге Сұлтанахметтің бейнесі салынған классикалық үлгідегі мұсылман көйлектері мен бас орамалдар үлестірілетін болады.

«Осылайша жиһанкездер бұл киімді арзанға сатып алып, үйлеріне естелік ретінде алып кете алады», - деді Демир мырза.