Ыстамбұлда жерасты мешіті салынды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркиядағы Ыстамбұл қаласында алғашқы жерасты мешіті пайда болды. Оның сәулетші Эмре Аролат жобалады.
Бююкчекмедже қала маңындағы кентіндегі мешітті байқау оңай емес, оның жер үстінен мұнарасы ғана көрініп тұр. Ол қырат басында орналасқан, одан төмен қарай баспалдақтар бар, деп хабарлады Euromag.ru .
Мешіт аумағында зәйтүн ағашы өсіп тұр. Оның ішкі кеңістігі де қарапайым, онда мозаикалар немесе әдемі тақтатастар, түрлі-түсті кілемдер жоқ.
Әйелдер ғимараттың бөлек залында құлшылық ете алады. Сәулетшінің айтуынша Санчаклар мешітін жасауға Мұхаммед пайғамбардың алғаш рет Алладан медет алған үңгірі шабыт берген.