Ыстамбұлдағы халықаралық «Яшар Дугу» турниріне қатысатын еркін күрес шеберлерінің есімдері белгілі болды

АЛМАТЫ. 9 ақпан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Ақпанның 11-13 күндері Түркияның Ыстамбұл қаласында еркін күрестен халықаралық «Яшар Догу» турнирі өтеді.
None
None

Ұлттық құраманың бас бапкері Алтай Танабаев онда 16 балуанға үміт артып отыр. Олар - Ғабит Төлепбай, Шоқан Шыңғысов, Әсет Серікбаев (55 кг), Дәурен Жұмағазиев, Абылай Телтаев, Амандық Бақиев, Саятбек Оқасов (60 кг), Мақсат Даулбаев, Жомарт Иманқұлов (66 кг), Нұрлан Бекжанов, Жігер Закиров (74 кг), Әлихан Жұмаев, Жасұлан Бейсенбиев, Алтай Онғарбайұлы (84 кг), Марид Мұталимов пен Ержан Дүйсенбеков (120 кг). Бұл наурыз айында Ресейдегі Махачқалада өтетін Әлем кубогына дайындықтың бір сатысы болмақ.

Соңғы жаңалықтар