Ыстамбұлдағы терактіге байланысты Қазақстан бауырлас түрік халқына көңіл айтады - СІМ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Ыстамбұлдағы террористік актіне байланысты мәлімдеме таратты. Онда Қазақстан 2016 жылғы 7 маусымда Ыстамбұл қаласында орын алып, көптеген адамдар құрбан болған террористік актіні үзілді-кесілді айыптайтыны айтылады. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

«Қазақстан бауырлас түрік халқына және қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтады. Барша мұсылман үшін қасиетті Рамазан айында жасалған теракт террористердің пасықтығы мен қатыгездігін көрсетіп, олардың Исламға ешқандай қатысы жоқтығын растады.
Қазақстан терроризмнің өршуіне деген өзінің алаңдаушылығын білдіріп, әлемдік қоғамдастықтың осы зұлымдықты жою үшін тиімді ұжымдық күш жұмылдыруын құптайды.
Қазақстан терроризм қауіпсіздіктің жаһандық ауқымдағы қауіп-қатері екеніне сенімді», - делінген мәлімдемеде.
Бұдан бөлек, халықаралық құқық қағидаттарына және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тиісті қарарларын негізге ала отырып, Қазақстан БҰҰ аясында әлемнің барша мемлекеттерін терроризм мен экстремизмнің таралуына қарсы күш біріктіруге шақырады.  

Соңғы жаңалықтар
telegram