08:07, 22 Қыркүйек 2017 | GMT +5
Ыстанбұл әуежайында апатқа ұшыраған ұшақ өртеніп кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бейсенбі күні кешқұрым Ыстанбұлдағы Ататүрік атындағы әуежайда жеке ұшақ құлады.
Апат салдарынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Доган агенттігі. .
Куәгерлердің сөзіне қарағанда, ұшақ апаттық жағдайда қонуға әрекет жасаған, бірақ ұшу-қону жолағынан шығып кеткен. Ұшақ отқа оранды, салдарынан ұшқыш қаза тауып, төрт жолаушы жарақаттанған.
Апат себептері қазірге белгісіз.