Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ыстанбұл полициясы әуежай маңындағы фургонға оқ атты

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Сенбі күні түркиялық полицейлер Ыстанбұлдағы Ататүрік әуежайы маңындағы күдікті фургонға оқ атты. Бұл туралы CNN Turk телеарнасы хабарлады.

Ыстанбұл полициясы әуежай маңындағы фургонға оқ атты

Телеарнаның деректеріне қарағанда, үш адам отырған ақ фургон бақылау-өткізу пунктінің тоқтау туралы бұйрығына бағынбаған.

Полиция құқық бұзушылардың соңынан қуды, бірақ фургон жүргізушісі оқыстан бұрылып, жеткізбей кетті.