Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ыстанбұлда 10 күн бұрын аса терең құдыққа түсіп кеткен күшікті робот-қолмен алып шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Ыстамбұлда құтқарушылар 10 күн бұрын 70 метрлік құдыққа түсіп кеткен күшікті алып шықты, деп хабарлады Hurriyet газеті.

Ыстанбұлда 10 күн бұрын аса терең  құдыққа түсіп кеткен күшікті робот-қолмен алып шықты

 Басылымның ақпаратына сәйкес құтқару операциясы жергілікті уақыт бойынша таңғы 5.45-те басталған. Ғылым және техника мектебінің студенттері арнайы осы үшін робот-қол әзірледі.

-  Біздің команда итті құтқару үшін жаңа әдісті пайдаланды. Олар оны алып шығу үшін қаншама күш-жігерлерін жұмсады. Робот-қол - біздің жалғыз мүмкіндігіміз болды, - деді қала мэрі Бейкоза.

Агенттік атап өткендей, операция кезінде еріктілер күшікті тамақтандырып отырған. Олар күшікті құтқару барысын ұдайы бақылап отырды.