Ыстанбұлда 24 қабатты үй өртенді

ЫСТАНБҰЛ. ҚазАқпарат - Ыстанбұлдың Кадыкёй ауданында 24 қабатты ғимарат өртенді. Өртті Кадыкёй, Үскюдар, Умрание және Картал муниципалитеттерінің өрт сөндірушілері сөндіріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

Ыстанбұлда 24 қабатты үй өртенді

Белгісіз себептермен Фикиртепе Махаллеси Рюзгар Сокак мекенжайында 24 қабатты ғимаратта өрт шықты. Төменгі қабаттардан шыққан өрт ғимараттың жоғарғы қабаттарына кіреберіс арқылы тез тарады.

Үй тұрғындары эвакуацияланды.


Фото: Anadolu