Ыстанбұлда 700 адамға қарсы оқ атқан лаңкес тұтқындалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның қауіпсіздік қызметтері Жаңа жыл түнінде Ыстанбұлдағы түнгі клубтардың бірінде атыс ұйымдастырған Өзбекстан елінің тумасы Абдулгадир Машариповты тұтқындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат NTV телеарнасына сілтеме жасап.
Телеарнаның құқық қорғау органдарындағы дереккөздің мәліметінше, лаңкесті тұтқындау бойынша операция дүйсенбі күні кешке Ыстанбұлдың Эсенъюрт ауданында өтті.
Еске салайық, автоматпен қаруланған лаңкес жаңа жыл түнінде Ыстанбұлдағы Retina түнгі клубында 700 адамға қарсы оқ ашқан болатын. Салдарынан 39 адам көз жұмып, 69-ы жарақаттанды. Болған оқиға үшін жауапкершілікті «Ислам мемлекеті» (Қазақстан аумағында тыйым салынған) лаңкестік тобы өз мойнына алды.

Фото: twitter.com/cnnturk