Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ыстанбұлда алты қабатты тұрғын үй құлады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ыстанбұлдың Зейтинбурну ауданында алты қабатты ғимарат құлап қалды. Салдарынан 1 адам қаза тауып, бесеуі жарақаттанды, деп хабарлайды РИА Новости.

Ыстанбұлда алты қабатты тұрғын үй құлады

Үй апатты жағдайда болған көрінеді, құлаған кезде ғимараттың іші бос болған, ғимараттың қасынан өтіп бара жатқандар зардап шеккен.

Оқиға орнына құтқарушылар мен жедел жәрдем көлігі келді. БАҚ-тың хабарлауынша, үйіндінің астында адамдар болуы мүмкін.