Ыстанбұлда аурухана отқа оранды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның Ыстанбұл қаласындағы көпқабатты аурухана өртенді, деп хабарлайды 24.kz.
Жергілікті арналардың хабарлауынша, от ең жоғарғы қабатта тұтанып, төмен қарай кеулеген. Әзірге қаза тапқандар мен жараланғандар туралы ақпарат жоқ.
Оқиға орнына құтқарушылар мен өрт сөндірушілер жетіп, науқастарды қауіпсіз жерге шығарып, отты сөндіруге кіріскен.
Айта кету керек, дәл осы аурухана 7 жыл бұрын да өртенген. Ол кезде нысан ішінде жөндеу жүріп жатқан.