Ыстанбұлда құлаған тікұшақтан құрбан болғандар саны 7 адамға жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ыстанбұлда құлаған тікұшақтан құрбан болғандар саны 7- адамға жетті, деп хабарлады қала мэрі Кадир Топбаш. Қала басшысының сөзін NTV телеарнасы келтірді деп жазады Риа Новости агенттігі.
None
None

Кадир Топбаштың айтуынша, әуе апаты орын алған жерде екі ұшқыштың мәйіттері табылды. Олардың екеуі де түрік.

«Эджзаджыбашы» компаниясына тиесілі Sikorsky S-76 тікұшағы Ыстанбұл қаласының маңындағы Бююкчекмедже елді мекенінде апатқа ұшырады. Тікұшақ қою тұманды жағдайда телемұнарамен соқтығысқан. Бортта 7 адам болған. Алдында осы оқиғаның салдарынан 5 адамның мерт болғандығы және олардың 4-уі Ресей азаматтары екендігі хабарланған.

Түрік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің хабарлауынша, тікұшақты ұшқыштар Алааддин Аджар мен Ахмет Булут басқарған. Сонымен қатар тікұшақта құрбан болған жолаушылардың есімдері аталды. Олар: VitrA компаниясының бас директоры, «Эджзаджыбашы» компаниясының ресейлік бөлімінің басшысы Салим Өзен мен Александр Ванин, Игорь Кочергин, Людмила Чупрова және Елена Бадраган.

Осыған дейін Milliyet басылымы ұшқыштардың бұл аймақтан жиі ұшатынын, осыған қарай олардың мұнараның қайда орналасқанын жақсы білетіндігін жазды.

Басылымның мәліметтерінше, биіктігі 257 метр болатын мұнара картада да үлкен белестердің бірі ретінде көрсетілген.

Соңғы жаңалықтар