Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ыстанбұлда лаңкестік әрекеттері болуы мүмкін деген күдікпен метроның екі стансасы жабылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркия арнайы қызметі 39 адам өлтірілген Reina клубына лаңкестік жасаған адамдарға ұқсас адам туралы хабарлама алды, деп хабарлады Habertürk сілтеме жасап Gazeta.ru

 Ыстанбұлда лаңкестік әрекеттері болуы мүмкін деген күдікпен метроның екі стансасы жабылды

Ыстанбұлдың Bağcılar және Kirazlı метрополитеннің екі стансасында қозғалыс шектелді .

Оқиға орнына полиция шықты, күдікті іздестірілуде.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Ыстанбұл полициясы 1 қаңтарға қараған түні түнгі клубқа шабуыл жасаған күдіктінің кім екенін анықтағаны хабарланған. Полиция өкілдері олардың өзбекстандық Абдулгадир Машарипов пен Абу Мухаммед Хорасан екенін анықтады.

Қарулы қақтығыс салдарынан 39 адам қаза тауып, 69 адам ауруханаға жеткізілген болатын. Құрбандар арасында Ресей азаматшасы бар.