17:23, 10 Наурыз 2017 | GMT +5
Ыстанбұлда өрт сөндіру тікұшағы жанып жатқан ғимаратқа барар жолда апатқа ұшырады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ыстанбұлда Sikorsky S-76 өрт сөндіру тікұшағы құлады. Бортта жеті адам болған.

Алдын ала дерек бойынша, оның төртеуі қаза тапқан. Бейликдюзю ауданында тікұшақ құлаған жерде қатты өрт шықты. Оқиға орнына өрт сөндіру бригадасы аттанды.
Тікұшақ Ыстанбұлдағы көрме орталығына жақын маңдағы күре жолға құлаған. Апат орын алған жерде көлік тұрағы мен бірнеше тұрғын үйлер орналасқан.
Ыстанбұл қаласының сыртында құлаған тікұшақ тұманның салдарынан апатқа ұшырауы мүмкін. Ұшқыш телевизиялық мачтаны уақтылы көрмей қалған. Телемачта 15 жыл бұрын құрылған, бірақ соңғы кездері қолданылмаған.