Ыстанбұлда тікұшақ апатқа ұшырады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ыстанбұл қаласындағы аудандардың бірінде тікұшақ апатқа ұшырады. Бұл туралы бүгін, бейсенбіде Habertürk телеарнасы хабарлады.
Оқыс оқиға Бостанджи ауданында болды, екі адамды құтқарудың сәті түсті. Дегенмен бұл келеңсіз жағдайдың егжей-тегжейі әзірге айтылмай отыр.