Ыстанбұлда толассыз жауған жауын салдарынан жүздеген тұрғын үй су астында қалды
Жексенбі күні қатты нөсер салдарынан Ыстанбұлдың еуропалық бөлігіндегі бірнеше ауданда су тасқыны болды.
Су мөлшерінің көп болуынан Эсеньюрт және Бейкоз муниципалитеттеріндегі көшелер мен жолдар уақытша жабылды, басқа аудандарда қоғамдық көлік қозғалысы бұзылды.
Провинция губернаторы Али Ерликаяның айтуынша, толассыз жауған нөсерден 18 ауданда 134 тұрғын үй, 12 шеберхана, 3 фабрика және бір мешітті су басқан. Күні бойы су тасқыны туралы 797 хабар түскен, оның 266-сы - Эсеньюрт ауданында.
Сондай-ақ, Бейкоз ауданында шатырға жай түсіп, бес қабатты тұрғын үйден өрт шыққан. Өртті жылдам ауыздықтаған, бірақ ол көрші үйді шарпып үлгерген.
Құрбандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат әзірге жоқ.