Ыстанбұлда түнгі клубқа шабуыл жасалып, 35 адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ыстанбұлда Reina түнгі клубына шабуыл жасалып, кем дегенде 35 адам көз жұмды, 40-тайы жарақат алды. Бұл туралы Би-би-си шаһар губернаторы Васип Шахинға сілтемемен хабарлады.

Ыстанбұлда түнгі клубқа шабуыл жасалып, 35 адам қаза тапты

Бұған дейін БАҚ шабуылды 2 адам жасағанын хабарлаған болатын. Олар Санта-Клаустың костюмын киіп алып шабуыл жасаған.

Reina түнгі клубы Бешикташ ауданында орналасқан. Шабуыл кезінде онда екі-үш жүздей адам болған.

Еске сала кетейік, 11 желтоқсан күні "Бешикташ" клубының стадионы маңында 2 көлік жарылып, 44 адам қаза тапқан еді. Сондай-ақ сол жолы 150-ден астам адам жарақат алған болатын.