Ыстанбұлда тұрғын үйдің опырылуынан көз жұмғандар саны 11-ге жетті

ЫСТАНБҰЛ. ҚазАқпарат - Ыстанбұлдың жағалаудағы Картал ауданының Орхантепе тұрғын үй орамында 6 қабатты үйдің құлауынан көз жұмғандар саны 11 адамға жетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Ыстанбұлда тұрғын үйдің опырылуынан көз жұмғандар саны 11-ге жетті

Бұл жайлы Ыстанбұл губернаторлығы мәлім еткен. Мәліметтерге қарағанда, қазірге дейін үйінділердің астынан 13 адам құтқарылған.

Әзірге, қаза тапқандардың жетеуінің тұлғасы анықталған.

Оқиға орнында іздеу-құтқару жұмыстары жүріп жатыр.

Еске сала кетейік, жан түршігерлік апат сәрсенбі күні болған.