21:33, 25 Қыркүйек 2021 | GMT +5
Ыстанбұлда Түркия мен Ресей кемелері соқтығысты
ЫСТАНБҰЛ. АНАДОЛЫ - ҚазАқпарат – Ыстанбұлда Түркия мен Ресей кемелері соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
Сенбі күні Түркияның Жағалау полициясы басқармасы мәлім еткендей, Ыстанбұлдың Йеникёй ауданының жағалауында Түркия және Ресей туларын таққан жүк кемелері соқтығысты. Қазір екі кеме де Бююкдере ауданының жағалауына шынжырланып байланды.
Ақпаратқа сәйкес, Түркияның «Tahsin İmamoğlu» 90 метрлік жүк кемесі Коджаэли провинциясынан Қара теңіз жағалауындағы Карадениз Эрегли өнеркәсіптік портына бара жатқан.
Ал ресейлік «Rusich 10» (128 метр) кемесі Бурса провинциясының Гемлик ауданынан Ресейге бағыт алған.
Оқиға орнына KIYEM-5, KEGM-3, KURTARMA-11 катерлері және 14 буксирлік кеме аттандырылды.