Ыстанбұлда жарылыс болып, 5 адам жарақат алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 26 сәуір күні Ыстанбұлда микроавтобуста жарылыс болып, салдарынан ең кемі 5 адам жараланды, деп хабарлады Утро ру «Хурриет» газетіне сілтеме жасап.

Ыстанбұлда жарылыс болып, 5 адам жарақат алды

Дереккөздің айтуынша, микроавтобуста студенттер болған. 

Қазір жарылыс себептері анықталып жатыр, полиция өздігінен іске қосылатын жарылғыш зат болуы мүмкін деген нұсқаны да жоққа шығармайды.