Ыстық көлде күші 4,5 балдық жер сілкінісі болды

БІШКЕК. КАБАР-ҚазАқпарат - Ыстық көл аумағында 23 мамырда жергілікті уақыт бойынша сағат 21:21-де күші 4,5 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

Ыстық көлде күші 4,5 балдық жер сілкінісі болды

Қырғызстан ҮҒА сейсмологиялық институтының хабарлауынша, жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан территориясында Жеті Өгіз курортынан батысқа қарай 3 км, Подгорное ауылынан оңтүстікке қарай 4 км, Светлая Поляна ауылынан - 12 км, Қаракөл қаласынан оңтүсті батысқа қарай 20 км жерде орналасқан.

Қырғызстан елді мекендерінде жер сілкінісінің күші: Жеті Өгіз курортында, Подгорное ауылында – 4,5 балл, Светлая Полянада, Кызыл-Суу, Оргочорда- 4 балл, Кабак, Чырак, Богатыровка, Ак-Дёбе, Мундуз, Тилекмат, Жеті-Өгіз, Бёрю-Башта – 3,5 балл, Карақол қаласында, Михайловка, Тоғыз-Бұлақ, Октябрское, Тегизчил, Тюп, Дарқан, Теплоключенко елді мекендерінде 3 бал болған.