Ыстық көлде жер сілкінді

БІШКЕК. КАБАР - ҚазАқпарат – Қырғызстанда Ыстық көл облысы аумағанда күші 3,5 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

Ыстық көлде жер сілкінді

Қырғызстан ҮҒА Сейсмология институтының хабарлауынша, 17 желтоқсан күні 21: 02-де жер асты дүмпуінің күші Светлая Поляна, Подгорное, Чоң-Кызыл-Суу елді мекендерінде - 3 балл, ал Жети-Огүз, Тилекмат, Ак-Добо, Мундуз, Жалгыз-Орүк, Кызыл-Суу ауылдарында 2,5 балл болған.

Алдын ала мәліметтерге қарағанда, қирандылар мен құрбан болғандар тіркелмеген.