Ыстық суға күйіп қалған 8 айлық нәресте ауруханада көз жұмды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Денесінің 40 пайызы күйіп қалған 8 айлық сәби ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасына слтеме жасап.

Ыстық суға күйіп қалған 8 айлық нәресте ауруханада көз жұмды

Ақпаратты облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі растады. Сәби облыстық ауруханаға 21 мамыр күні түскен болатын. Дәрігерлер бір апта бойы нәрестенің өмірімен күресті.