Ыстықкөл облысында екі оқушы қар көшкінінің астында қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ыстықкөл облысында екі жасөспірім қардың астында қалды. 12 жастағы оқушы көз жұмды. Бұл туралы сейсенбіде ҚР ТЖМ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады. КирТАГ.
Ведомствоның деректеріне сәйкес, 7 ақпанда таңғы сағат 11-лер шамасында Тюпск ауданы Кен-Суу ауылы аймағында екі бала қардың астында қалды. Жергілікті тұрғындар қарды аршып, оларды алып шығып, фельдшерлік-акушерлік пунктке әкелген. Алайда дәрігерлер көмектесе алмады - 2004 жылы туған ер бала алған жарақаты салдарынан көз жұмды.
Ведомствода атап өткендей, екінші баланың жағдайы орташа.
ТЖМ деректеріне сәйкес қар көшкіні болған кезде балалар мал айдап келе жатқан.