Ыстықкөлде қар жауып, жүздеген бас мал қырылып қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ыстықкөл облысының Ақсуй ауданында қар жауып, 160-тан астам бас мал қырылып қалды.

Ыстықкөлде қар жауып, жүздеген бас мал қырылып қалды

Оның ішінде 150 қой, 2 сиыр және 15 қодас бар, деп хабарлайды 24.kg Қырғызстан Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мұнда жауған қардың биіктігі 50-60 сантиметрге дейін жеткен. Сондай-ақ Сары жаз жайылымына апаратын жолда өзендегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты көпір бұзылған. Оқиға орнында азаматтық қорғаныс комиссиясы жұмыс жасауда.