Ыстықкөлде Қазақстан азаматының өліміне кінәлі қылмыскер 16 жылға сотталды

None
None
АСТАНА. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат (Руслан Ғаббасов) - Ыстықкөлде соққыға жығылып, қаза болған Қазақстан азаматының өліміне кінәлілерге қатысты сот үкімі шығарылды.

Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті. Естеріңізге сала кетейік, биыл Ыстықкөл облысында соққыға жығылып, 14 тамызда Бішкектің Ұлттық ауруханасында Қазақстан азаматы Ерлан Балмахаев қайтыс болған еді. Аталған қылмыстық іс бойынша Шолпан Ата қаласында 23 қарашада және 1 желтоқсанда сот отырысы өтті. «Соңғы сот отырысының нәтижесі бойынша, Бішкек қаласының тұрғыны, 1991 жылы туған Қайрат Нұрланұлы 16 жылға бас бостандығынан айырылды», деді ресми өкіл. Сонымен қатар, Құбат Мұратұлы 5 жыл шартты жазаға, Тілек Талайбекұлы 3 жылға шартты жазаға кесілді. Ал 1996 жылы туған Наурызбек Нұрбекұлы сот шешімімен ақталып шықты. «Алайда, Балмахаевтың адвокаттары мен туыстары айыпталушы Құбат Мұратұлын да кемінде бас бостандығынан 10-15 жылға айырып, күшейтілген режимді түрмеге отырғызу мақсатында биылғы 7 желтоқсанда Шолпан Ата қалалық сотына апелляциялық шағым беруді жоспарлап отыр», деді СІМ ресми өкілі.

Соңғы жаңалықтар