22:29, 07 Шілде 2017 | GMT +5
Ыстықкөлде суға кеткен екеудің бірі алматылық болып шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - 6 шілдеде Ыстықкөлге суға кеткен адамның аты-жөні белгілі болды, деп хабарлайды turmush.kg .

6 шілдеде шамамен сағат 13:30-да Ыстықкөл жағажайында, «Бостери» пансионаты (бұрынғы «Золотые пески») аумағында ер адамның денесі табылды. Кейінірек оның Қазақстан азаматы, Алматы қаласының тұрғыны 1947 жылғы Құрама Таласбаев екені белгілі болды. Мәйітті қарау барысында, өлімнің күш қолданудан болмағаны анықталды. Кейіннен дене мәйітханаға жеткізілді.
Сондай-ақ сол күні кешке 5-ке қарай көлге 2010 жылғы Ж.Нұрсұлтан батып кетті. Ол Нарын облысынан келген. Баланы әкесі судан алып шыққан, құтқарушылар оны ауруханаға жеткізді. Алайда бала Чолпон ата қалалық ауруханасының жансақтау бөлімінде көз жұмды.