Ыстықкөлдегі Халықаралық спорттық ойындар жыл сайын өтеді
БІШКЕК. Тамыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Владимир Добровольский/ - 2001 жылдан бері Ыстықкөл жағалауында «Азия - ынтымақтастық пен бейбітшілік аймағы» деген ұранмен халықаралық спорттық ойындар өткізіліп келеді. Қырғыз үкіметінің өкімімен, енді бұл жарыстарға дәстүрлі шара мәртебесі беріліп отыр.
Халықаралық байланыстарды нығайту және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Үкіметтің сәйкес өкіміне қырғыз премьері Игорь Чудинов қол қойды, деп хабарлады оның баспасөз қызметінен.
Орталық Азия елдерінде кеңінен танымал Ыстықкөл ойындарының өткізілу идеясын Шанхай ынтымақтастығы ұйымының хатшылығы мен Спорттық ұйымдардың халықаралық конфедерациясы қолдап отыр.
Ыстықкөл ойындарында Қазақстанның көптеген әуесқой спортшылары чемпион және жүлдегер атанғанын айта кету керек.