Ыстықкөлден көне заман әскерінің құрал-сайманы табылды

БІШКЕК. ҚазАқпарат - Ыстықкөлден біздің заманымызға дейінгі IV-V ғасырларға тән әскерлердің сүйегі мен құрал-саймандары табылды. Бұл туралы Қырғызстан үкіметінің Ыстықкөл облысындағы уәкілетті өкілінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Кабар агенттігі хабарлайды.

Ыстықкөлден көне заман әскерінің құрал-сайманы табылды

Тарихи құнды айғақтар 21 шілде күні Қыршын жайлауындағы этноқалашықты жөндеу аясында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде 3 метр тереңдіктен жебе, тағы басқа да әскери саймандар, үзеңгі, жүгеннің ауыздығы табылған. Оларды бағалау үшін шұғыл түрде Бішкектен ғалымдар мен сарапшылар шақырылған. 

nullnullnull