Ыстықкөлге демалуға барған Қазақстан азаматы қаза тапты

БІШКЕК. ҚазАқпарат - Қырғызстанның Ыстық көл облысында қазақстандық азамат қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабарға сілтеме жасап. 

Ыстықкөлге демалуға барған Қазақстан азаматы қаза тапты

Милицияның мәліметінше, 5 тамыз күні құқық қорғау органдарына Бостері ауылында ер адамның мәйіті табылғаны жөнінде суыт хабар келіп түскен. Марқұмның Қазақстан Республикасының азаматы екені анықталды.

"2 тамыз күні ол әйелімен және 4 баласымен бірге Ыстық көл облысына демалуға келген. Марқұмның денесі коттеджден табылды. Әйелінің айтуынша, ол Қырғызстанға келгелі бері үздіксіз алкогольдік ішімдік ішкен",-деп мәлім етті құқық қорғау органдары.