Ыстықта денсаулықты қалай күту керек - дәрігер кеңесі

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда соңғы күндері қатты ыстық сақталып тұр. Осы орайда №18 қалалық емханасының жалпы практика дәрігері Аяна Қырықбаева ыстықта денсаулықты күту туралы кеңестерімен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ыстықта денсаулықты қалай күту керек - дәрігер кеңесі

Дәрігердің айтуынша, қалыпты температурада салмағы 70 кг адамға күніне 2,1 литр су ішу керек. Ал ыстық ауа райында тағы 1 литр қосып ішкен дұрыс.

«Ыстық ауа райында ащы, майлы және ысталған тағамды жеуге болмайды. Рационға өсімдік майларын, жеміс, көкөністерді қосу қажет. Калорияларды азайту керек.

Ыстық ауа райы кезінде киімнің матасы ауа мен суды жақсы өткізгені дұрыс. Киімнің матасы мақта және зығырдан жасалған болу керек.

Сондай-ақ, мақта және вискоза өнімдерінен болғаны дұрыс. Себебі, олар да ылғалды жақсы сіңіреді. Біз оны гигроскопиялық қасиеттер деп атаймыз.

Жазда бас киім өте қажет, себебі, ол әдемі аксессуар ғана емес, сонымен бірге, күн сәулесі мен желден қорғайтын элемент.

SPF кремі - күннен қорғайтын фактор немесе адамның күйіп кетпейтіндей, күн астында болу уақытын ұзарта алатын қорғаныс түрі», - деді Аяна Қырықбаева.

Ыстық ауа райында түскі сағат 12 –ден 16-ға дейін ең қауіпті уақыт екенін еске салды.

«Бұл уақытта ауа температурасы айтарлықтай көтеріледі. Сондықтан бұл уақытта далаға шықпауға кеңес береміз.

Кондиционер үшін адамдар көбінесе ангина және ЖРВИ-мен ауырады. Әсіресе, адам ыстықтан салқын бөлмеге кірген кезде, денеде жиналған барлық тер буланып, дене температурасы төмендейді. Осылайша адам салқындаудың екі дозасын алады. Жалпы, кондиционер арқылы суық тию немесе одан да ауыр ауруға шалдығу қаупі бар.

Ал көлікте терезені толық емес, сәл ғана ашаңыз немесе микроклиматты басқарудың автоматты режимін пайдаланбаңыз», - деген кеңестерімен бөлісті дәрігер.

Еске салайық, бүгін Абай, Қызылорда, Жамбыл, Түркістан, Алматы облыстарының басым бөлігінде қатты ыстық күтіледі .

Сондай-ақ, Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті аптап ыстыққа байланысты қала тұрғындарына үндеу жасаған еді.