Ю. Валиахметова «KazakhTV» («Caspionet») арнасының директоры болып тағайындалды

болып тағайындалды. Күзде Қазақстан Республикасының «Caspionet» бірінші ұлттық спутниктік арнасы жаңа телевизиялық маусымда «KazakhTV» деген жаңа атаумен шығады. Осыған байланысты телеарнаның ребрендингісі жасалып, соған сәйкес пішіні мен таратылуында бірқатар өзгерістер күтілуде.
Юлия Валиахметова Қостанай облысында дүниеге келген. Екі жоғарғы білімі бар. Мәскеудегі журналистика және әдеби шығармашылық институты мен Қостанай мемлекеттік университетін «Музыка және ән айту» мамандығы бойынша тәмамдаған. Юлия қызметтік жолын 2000 жылы Қостанайдағы «Алау» телеарнасында журналист ретінде бастады.
«Хабар Агенттігі» АҚ-ғы еңбек жолын 2007 жылы ақпараттық бағдарламалар Дирекциясының тілшісі қызметінен бастады. 2010 жылы «Хабар» арнасындағы ақпараттық бағдарламалар Дирекциясының шеф-редакторы қызметіне тағайындалды, «Жеті күн» бағдарламасының авторы және жүргізушісі болып табылады.
«KazakhTV» ұлттық спутниктік арнасы «Хабар Агенттігі» АҚ-ның құрылымына кіреді. Телеарнаны Америка, Еуропа, Орталық Азия, Кавказ елдері, Таяу Шығыс және Африканың солтүстік бөлігіндегі мемлекеттер, барлығы 93 ел қарайды. Телеарна 2002 жылдың 25 қазанында іске қосылды, тәулік бойы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде хабар таратады.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін телеарна директорының қызметін атқарған Айгүл Жұмабаева 2012 жылдың 13 маусымында «Хабар Агенттігі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.