Юань үшінші әлемдік резервтік валютаға айналуы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Болашақта қытай юаны үшінші әлемдік резервтік валютаға айналуы мүмкін.
None
None

ИТАР-ТАСС агенттігінің хабарлауынша, бұл жайында Бейжіңде өткен Қытай экономикасының дамуы атты 15-ші үкіметтік форумда "Сбербанк CIB" инвестициялық компаниясының басқарушы директоры әрі бас экономисі Евгений Гавриленков мәлім еткен.

«Мұндай болжамды ұлттық экономика өсімі деректеріне сәйкес жасауға болады. Болжамға сәйкес ел ЖІӨ өсімінің жоғары қарқынын сақтайтын болады және қысқа мерзім ішіндегі оның көлемі 14-16 трлн. АҚШ долларына жақындайды. Бұл ЕО және АҚШ көрсеткіштерімен пара-пар. Бұдан бөлек, қытайлық құнды қағаздар Таяу Шығыс мемлекеттері үшін барынша тартымды», - деді ол.

Айта кетейік, 22 наурыз күні Бейжіңде басталған форум аясында экономикалық реформалаудың кең ауқымды мәселелері, сонымен бірге Қытайдың әлемнің екінші экономикасы ретіндегі рөлі жан-жақты талқыға түсуде. Алқалы жиынға ҚХР Мемлекеттік кеңесінің бірінші вице-премьері Чжан Гаоли, Халықаралық валюта қорының директор Кристин Лагард және әлемдік ірі корпорациялардың топ-менеджерлері қатысуда.

Соңғы жаңалықтар