Юградағы мұнай резервуарлары өртінің құрбандары саны көбейіп келеді

АСТАНА.  Тамыздың 24-і.  ҚазАқпарат -  Нақтыланған   мәліметтер  бойынша, Ресей Федерациясының  Ханты-Мансы  автономиялық  округінде  мұнай резервуарларының  өртенуі салдарынан  екі  өрт сөндіруші  қаза тапқан,    бір адам із-түзсіз жоғалған,   төрт өрт  сөндіруші күйік  жарақаттарымен  ауруханаға түскен.

Юградағы  мұнай  резервуарлары    өртінің    құрбандары саны көбейіп  келеді

 Бұл туралы Ресейдің  Төтенше жағдайлар  министрлігінің    ақпарат басқармасына  сілтеме  жасап РБК агенттігі  хабарлады.

 Өрт    Урай стансасынан   солтүстік-батысқа   қарай  120 шақырымдай     жерде  орналасқан   «Конда»    мұнай айдау  стансасының      резервуарлық    паркіндегі  тауарлы мұнай  құйылған   8 резервуардың біріне    найзағайдың  түсуі салдарынан    басталған.      Өрт  бой бермей  жатыр.     Оқиға  орнында   қазір     Ресейдің  Төтенше жағдайлар министрлігі  Орал  аймақтық  орталығының   жедел штабы жұмыс істеп  жатыр.